Ақпандағы атаулы айлық жалақы көлемі белгілі болды


АСТАНА. ҚазАқпарат — 2019 жылғы ақпанда бір қызметкердің орташа атаулы айлық жалақысы бағалау бойынша 167682 теңгені құрады. Бұл жайында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 2019 жылғы қаңтарда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 94975 теңгені құрады. Бұл 2018 жылғы қаңтарға қарағанда 10,5 пайызға жоғары, ал нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 5,1 пайызға артты.


Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/akpandagy-atauly-aylyk-zhalaky-kolemi-belgili-boldy_a3506931”

До того как узнал правду о себе, был правдолюбом. (Б.Крутиер)